«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ТУРБИНА СЫНАҚТАН ӨТКІЗІЛУДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Анатолий Маковскийдің, Николай Логутовтың, Роман Кимнің және Ромин Мадиновтың облысқа жұмыс сапары аясында өткен сенбіде осы депутаттық топтың қатысуымен “СевКазЭнерго” АҚ-ның Петропавлдағы 2-ші ЖЭО-ның №4 станциясында жаңа турбинаның сынақтық іске қосуы жүзеге асырылды.

Жылу электр орталығының №4 турбогенераторын “СевКазЭнерго” АҚ-ы басқарма төрағасы Еділ Көпенов және 2-ші ЖЭО директоры Виктор Бармин таныстырды.

№4 станцияның турбоагрегатын монтаждау кәсіпорында 2015 жылға дейін жоспарланған қайта құру және техникалық жарақтандыру инвестициялық бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында мүмкін болды. Жаңа Т-50/60-90 жылу беру турбинасын орнату жөніндегі 2012 жылғы 1 ақпанда басталған жұмыс өз ресурсын тауысқан турбинаны алмастыруды көздеді. Оны дайындаушы – “Урал турбина зауыты” ЖАҚ. Жаңа жылу беру турбинасының ресми іске қосылуы және тиісті қуатқа шығарылуы осы жылдың 20 желтоқсанына жоспарлануда.

Жылу беру турбинасы бір мезгілде электр және жылу қуатын алатын бу турбинасы болып табылады. Энергетиктердің айтуынша, станцияның орнатылған электр қуаты турбина толық іске қосылғаннан кейін 50 МВт-ға артады және 397 МВт-ны құрайды, ал жылу қуаты 96 Гкал өсіп, барлығы 874,8 Гкал-ға жетеді. Қосымша электр қуатын өндіру жыл ішінде 388,8 млрд. кВт/сағатты құрайтын болады.

№4 жылу агрегатын пайдалануға беру электр қуатын өндіруді арттыруға, станция жұмысының сенімділігі мен үнемділігін жақсартуға, турбоқұрылғылар бойынша тозуын 10 пайызға азайтуға, сол сияқты өнім бірлігін шығаруға отын шығындары үлесін кемітуге (жылына көмір үнемі 63,7 мың тоннаға дейін) мүмкіндік береді.

Турбина жабдықтарын қайта құру бойынша шығын сомасы 5,7 млрд. теңгені құрады. Сонымен бірге, жаңа турбоагрегатқа қызмет көрсету үшін 2 жұмыс орны енгізілді, бұл ауысымдық кестеде 8 маман жұмыспен қамтылды деген сөз.

Компанияның алдағы жоспары станцияның №1 және №5 турбоагрегаттарын, №1, №2 және №3 жылу қазандығы агрегаттарын ауыстыру. Қазірдің өзінде Урал турбина зауытымен – станцияның №1 және №5 турбоагрегаттарын, сол сияқты “ЭЛСИБ” ғылыми-өндірістік бірлестігімен станцияның №5 турбина генераторын жеткізуге келісімшарт жасалды.

Барлық жаңғырту бағдарламасы аяқталғаннан кейін станцияның жылу қазандығы агрегаттарының саны қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған 11-дің орнына 12-ге жетеді, ал станцияның бекітілген қуаты 480 МВт-ға дейін өседі. Бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесінде 2015 жылға таман ескірген құрал-жабдықтардың 35-40 пайызы қуат тиімділігі жоғары және осызаманғы түрлеріне ауыстырылатын болады, ал станция құрал-жабдықтарының жұмыс сенімділігі коэффициенті 97 пайызға жетеді.

Шара аяқталғаннан кейін Мәжіліс депутаттары “СевКазЭнерго” АҚ-ның жаңа қуат тиімділігі құрал-жабдықтарын қолдануы бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі ұмтылыстары мен табыстарын жоғары бағалады.

“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен

 байланыс жөніндегі бөлімі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp