«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаменті “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің және Қаржы полициясының өкілдерімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша “дөңгелек үстел” өткізді.

ТМРА департаменті басшысының міндетін атқарушы Н.Бабакехянның пікірінше, мемлекеттік басқарудың ашықтығы жоғары болса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмен болады. Сондықтан мемлекеттік тарифтік саясаттың іске асырылуы, табиғи монополиялар туралы заңнаманың сақталуы, мемлекеттің, табиғи монополиялар субъектілерінің және реттелетін нарықтардың және олардың қызмет тұтынушыларының балансын қамтамасыз ету бойынша департамент қызметінің ашықтығы БАҚ құралдарымен тығыз байланыс арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық қоғамның құрылымдарымен сындарлы ынтымақтастықты департаменттің жанындағы сараптамалық кеңес қамтамасыз етеді. Сараптамалық кеңес мүшелері табиғи монополиялар субъектілерінің (ТМС) өтінімдерін талдауға, реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаның орындалуы бойынша ТМС есептерін қарау отырыстарына, тұрмыстық тұтынушыларға нақты тұтынған жылу энергиясына қайта есептеу жүргізу, жөндеу жұмыстарының барысымен таныстыру мақсатында жүргізілетін базалық ТМС объектілерін жетілдіру мен қайта жаңғыртуға, ТМС-тің инвестициялық бағдарламаларының игерілуі және қол жеткізген нәтижелерін жариялау бойынша баспасөз турларына қатысады.

Сол сияқты баяндамашы заңнаманы жетілдіру шеңберінде департамент ұсынатын тариф белгілеуді, реттелетін қызметтер сапасының ашықтығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет пен бақылауды күшейтуді – электрондық форматта өтінімдер ұсыну мүмкіндігі, жария тыңдаулар бойынша талаптарды, жыл сайынғы есептер мен тұтынушыларға ақпарат беруді, қосарланған түсінік берілетін нормалардың, өтінімдердің қайта ұсыну мерзімдері бойынша шектеулерін алып тастау, монополистер өтінімдерінен бас тарту үшін толық жауап берілетін негіздемелер тізімін дайындау, тарифтерді бекітудің барлық деңгейлерінде сараптамалық кеңес мүшелерінің қатысуымен тарифтерге сараптама жүргізуді көздейтін жаңалықтары туралы айтып берді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін жағдайды қалыптастырудың маңыздылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасына енгізілген өзгерістер, сыбайлас құқық бұзушылықты тәртіптік жазалау ережесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында “дөңгелек үстелге” қатысқан Қаржы полициясының өкілі Р.Мұстафин, “Нұр Отан” филиалының қызметкері А.Қуандықова, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің өкілі Т.Елеукин өз ойларын білдірді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp