«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТАҒЫ БӨЛШЕК САУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы қаңтар-қазандағы бөлшек сауда көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 30,1%-ға ұлғайып, 99,4 млрд. теңгеге дейін жетті.

Сауда жасайтын кәсіпорындар өткізген тауар көлемі 2013 жылғы қаңтар-қазанда 50,4 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылғы қаңтар-қазандағыдан 33,7% артық.

2013 жылғы қаңтар-қазанда базардағы және жеке кәсіпкерлердің сауда көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,5% ұлғайды, жалпы бөлшек сауда көлеміндегі осы өткізу арнасының үлесі 49,3%-ды құрады.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (жалпы бөлшек сауда көлеміне 70,8%).

Облыстың жалпы бөлшек сауда құрылымында ең үлкен үлес Петропавл қаласына (63,1%), Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға (8,9%), Тайынша (5,6%), Қызылжар (4,4%), Мамлют (2,9%) аудандарына тиесілі.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp