«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТАҚТЫ ЖЕРЛЕСІМІЗГЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы спортқа дарынды балалардың облыстық мектеп-интернатында КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері Камиль Сафинді еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнир аяқталды. 1997-1998 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен байрақты додада Қазақстанның он командасы, Ресейден екі құрама және ҚР Ұлттық құрама командасының боксшылары бақтарын сынады.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Спорттық шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов қатысты.

– Үстіміздегі жылы қазақстандық спорт орны толмас қайғыны бастан кешірді. 21 наурызда жасы 54-ке қараған шағында ұзаққа созылған науқастан кейін КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Еуропа чемпионатының финалисі, КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы, КСРО-ның екі дүркін чемпионы, КСРО кубогының үш мәрте иегері Камиль Сафин өмірден өтті. Ол спортшы болып жүрген кезінде Қазақстан мен әлемнің ареналарында айтарлықтай табыстарға жетті. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Камиль Сафин балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін басқарды. Кейінірек спорттық шеберлікті жетілдіру мектебінің тізгінін ұстады, – деген Фархад Қуанғанов спортшылық мансабын аяқтағаннан кейін Камиль Сафин өзі туып-өскен Солтүстік Қазақстан облысының боксын дамытуға айрықша еңбек сіңіргендігін атап айтты. Одан соң КСРОның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа біріншілігінің жеңімпазы, әлем кубогының иегері Серік Нұрқазов, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин шаршы алаңда жұдырықтасушыларға ақ тілек арнап, жеңіс тіледі.

Төрт күнге созылған бәсекелі доданың алғашқы күні 4 салмақ дәрежесі бойынша 17 жұп былғары қолғап шебері шаршы алаңға көтерілді.

AIBA халықаралық дәрежедегі төрешісі Бақытжан Бекпенбетов төрелік жасаған жарыс қорытындысы бойынша Абылайхан Тұрмахамбет (49 кг. Қарағанды қ.), Оразхан Ергеш (52 кг. Қарағанды қ.), Нұрлыбек Рахматуллаев (56 кг. СҚО), Абылайхан Жүсіпов (60 кг. Қарағанды қ.), Қамбар Ғаниятов (64 кг. Орал қ.), Бекболат Есен (69 кг. ОҚО), Жандос Хайруллаев (75 кг. Көкшетау қ.), Еламан Куатов (81 кг. Астана қ.), Темірлан Қабиев (91 кг. Қостанай қ.), Дмитрий Зисько (91+ кг. Қарағанды қ.) өз салмақ дәрежесінде жеңімпаздар атанды.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp