Солтүстiк Қазақстан облысының делегациясы Ресейдің Омбы қаласында XXII Қысқы Олимпиада алауы эстафетасына арналған шараларға қатысты.
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Самат Ескендiров губернатор Виктор Назаровтың шақыруымен шекаралас өңірге барып қайтты.
Көршiлес аймақтың өкiлдерi 2014 жылы Сочиде өтетiн XXII қысқы Олимпиада алауының Омбыдағы эстафетасына арналған мерекелiк шараға қатысты. Шекаралас жатқан өңірлер мәдени, экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделi. Жақында Русская Поляна – Қызылту бағыты бойынша ұзындығы 100 шақырымды құрайтын темiр жол учаскесiн қайта қалпына келтiру жөнiнде келiсiм жасалған. Екi облыстың арасында тiкелей қатынайтын темір жол бағыты жүк тасымалы, оның iшiнде құрылыс материалдары мен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн тасымалдау қарқынын арттыра түспек.
Өңір басшысы омбылықтарды атаулы мерекемен шын жүректен құттықтап, өз сөзiнде “Бiздiң ынтымақтастығымыз спорт саласында айрықша рөл атқарады, сол себептi Сiздердiң мерекелерiңiзге ортақпыз. Қазiргi таңда Сочи Олимпиадасына қазақстандық спортшылар да дайындық үстiнде, ал коньки тебу спортынан петропавлдықтар ел намысын қорғайды”, – дедi.
sko.gov.kz