«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы №8 эстетикалық тәрбие және жалпы білім беретін мектеп-кешенінде облыстық Білім басқармасының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалары сайысының облыстық кезеңі өтті. 

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Ғылыми жобалар сайыстары оқушылар арасында зияткерлік жарыстар өткізу ережелеріне және ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес жыл сайын өткізіліп тұрады. Оның мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеушілік және оқу-танымдық әрекеттерін ынталандыру, талантты да дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау, еліміздің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

– Сайыс жаратылыстану-математикалық, гуманитарлық, экологиялық, өлкетану, тарих, құқықтану, барлығы 16 бағытта өтті. Онда аудандық және қалалық кезеңдерде жүлделі орын алған 8-11-сынып оқушылары бақтарын сынады. 220 ғылыми жобаны қорғауға 260-тан астам оқушы қатысты. Онда жүлделі орындарға ие болғандар бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді және жоба республикалық сараптама комиссиясында қаралады. Жеңімпаздар ақпан айында өтетін республикалық турда облыс намысын қорғайды, – дейді Білім басқармасы басшысының орынбасары Күлпаш Қалғожина.  

Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp