«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛҒЫН ӨНЕРПАЗДАР БАҚ СЫНАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында өткен “Волшебная кулиса” атты театр ұжымдарының облыстық фестиваліне қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылған болатынмын. Сахналық көріністермен тәнті еткен балғын өрендер өнерлерімен бірден баурап алды. 

Рашит ИСМАИЛОВ.

Екі жылда бір рет өткізілетін фестивальдың басты мақсаты жастарды адамгершілікке тәрбиелеу, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының мәдениетін дамыту, дарынды балаларды табу болатын. Аудандардан және облыс орталығынан келген мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің театр ұжымдары қатысқан фестиваль аса қызықты өтті. Қазылар алқасы кеңесе отырып, балалардың шығармашылығын қатаң бағаламауды ұйғардық. Ал жас өнерпаздар болса құдды үлкен сахнада өнер көрсетіп жатқандай, барын салып бақты.

Шара соңында фестивальдың қорытындысы шығарылып, облыс орталығындағы №8 мектеп-кешенінің театр ұжымы бірінші орынға ие болды. Екінші орынды №2 орта мектептің және Мамлют өнер мектебінің ұжымы өзара бөлісті. Үшінші орынға Саумалкөл қазақ орта мектебінің және №42 орта мектептің театр ұжымдары мен “БЭСТ” гимназиясының театр студиясы иеленді.  

“Мюзикл – біртума жанр” аталымы бойынша бірінші орынға жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының “Маска” театрының өнерпаздары иеленсе, екінші орынды Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Дружба орта мектебінің ұжымы, үшінші орынды қалалық жалпы білім беретін лицейдің және Аққайың ауданындағы Тоқшын мектеп-гимназиясының өнерпаздары місе тұтты.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp