«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЛГІ ТҰТАР АҒАЛАР БАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Саягүл ЖАКУБАЕВА,

№20 орта мектептің мұғалімі.

Елімізге Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. 1986 жылдың 16 желтоқсаны қазақ халқы үшін қасіретті күн болды. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыргелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні еді. Өз жерлестеріміз Нұржан Қалиасқаров пен Кәрібай Құсайынов ағаларымыз да осы қанды оқиғаның куәгерлері болған еді.

Кәрібай Бәриұлы 1961 жылы Жамбыл ауданы Баян ауылында дүниеге келген. Жастайынан қазақтың қара домбырасына әуес болды. 1984 жылы Көкшетау қаласының музыка училищесін бітіріп, 1985 жылы Алматыдағы белгілі өнер білімінің ошағы – Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияға домбыра бөліміне оқуға түседі.

Дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы болған жылы Кәрібай аға екінші курс студенті еді. Ол жолдастарымен бірге наразылық білдіру үшін алаңға шыққандардың ішінде болды. Алаңға жиналған жастар хормен қосыла ән айтып, ұрандар көтерді. “Әр ұлт өзін-өзі басқаруға тиісті!”, “Колбин орнынан кетсін!”, “Тоталитарлық билік жойылсын!” және басқа да сөздер жазылған ұрандарды көтерген жастардың ішінде Кәрібай ағай да бар еді.

17-18 желтоқсан күндері көшеге шыққан студенттердің арасында жұмысшы жастар да көп болды. Еңбекпен шымырланған олар беттері қайтпас қайсар, қиындықтан тартынбайтын өжет екендіктерін қақтығыс кезінде көрсете білді. Мұздай қаруланған, беттеріне темір торлы қалқан ұстаған солдаттарды олар Компартия үйінің іргесіне дейін екі рет ығыстырып, кейін шегіндірді. Күні-түні арпалысқан жігіттер әбден қажыды. Сол жігіттердің арасында Кәрібай Бәриұлы да болды.

Сол Желтоқсан оқиғасында қаншама қыз-жігіттеріміз қыршынынан қиылды, қаншамасы мүгедек болып, зардап шекті. Сол жастардың ішінде болған ұстаз әрі күйші Кәрібай ағамыз былтыр 26 тамызда кенеттен өмірден өтті. Ол қаламыздың қазақ мектептерінде домбыра үйірмесін жүргізіп, соңынан өз ізін басатын шәкірттер тәрбиелеп, қалдырды.

Сол Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың патриоттық сезімін, ерліктерін кейінгі жастарға үлгі етіп насихаттау – біздің міндетіміз. Өйткені, Желтоқсан оқиғасына қатысқандар зор құрметке лайық.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp