«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕРІЛГЕН УӘДЕЛЕР ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Самат Ескендіровтің төрағалығымен саяси кеңес бюросының кезекті отырысы болып өтті. Онда үш мәселе қаралды.

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

“Нұр Отан” партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің 2013 жылғы 6-7 ақпандағы Қызылжар өңіріне сапары кезінде болған кездесулерде азаматтардың айтқан талап-тілектерінің орындалу барысы туралы Қызылжар ауданының әкімі Еркебұлан Кәменов баяндады. Жұмыс бабындағы сапар кезінде аталмыш ауданның Асаново ауылында жергілікті тұрғындар жолдарды жөндеу және су тарату желілерін жаңғырту мәселелерін көтерген болатын. Еркебұлан Сайынұлының айтуына қарағанда, “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында Асановоға баратын жолдың 16 пайызына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Келесі жылы “Аби-Жер” ЖШС-мен әлеуметтік әріптестік аясында бұл жұмыс әрі қарай жалғастырылмақ. Аталмыш елді мекеннің су тарату желісін қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттар (ЖСҚ) әзірлеуге облыстық бюджеттен 24 млн. теңге бөлінді.

Осы аудандағы Бәйтерек ауылының тұрғыны Жанат Отыншинов “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы аясында пилорама құрылысы үшін жекеменшік құқығымен жер телімін бөлуді сұраған болатын. Жанат Жолдыбайұлының өтініші оңынан шешілді.

Бауыржан Байбектің жергілікті тұрғындармен кездесуі кезінде ауылдың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына байланысты мәселе де көтерілген. Бұл жұмысты толығымен аяқтап шығу үшін жергілікті бюджеттен 54,646 млн. теңге қаражат бөлінді. Мердігер – “Қазнефтегазэлектромонтаж” ЖШС қазір қаражаттың 70 пайызын игеріпті.

Самат Ескендіров кездесу кезінде айтылған азаматтар өтінішін толық аяқтап шығуды аудан басшысына тапсырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ОФ төрағасының орынбасары Арман Бердағұлов “Нұр Отан” партиясының кезектен тыс ХV съезінде және партияның саяси кеңесі бюросының кеңейтілген отырысында партия Төрағасы берген тапсырмаларды жүзеге асыруға арналған шаралар жоспарын бекітуді ұсынды. Ұсыныс бірауыздан қабылданды.

Отырыста ОФ жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық кеңес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңес болып өзгертілді және оның құрамына өзгерістер енгізілді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp