«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҮКІЛ ЖЕТІСТІГІМІЗДІҢ БАСТАУЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғалым ӨРКЕШОВ,

“Күрес” балалар мен жасөспірімдер

спорт мектебінің директоры.

1. 1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің арқасында дербес мемлекет ретінде Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жасыратын несі бар, бұған дейін Қазақстанның спортшылары мұндай мерейге бөлене алмады. Ең үздік дегендердің өздерінің КСРО құрамасына мүшелікке алынуы қиынның қиыны еді ғой.

Ал 1992 жылы Барселона Олимпиадасында Туымыз желбіреп, Гимніміз шырқалды. Содан бері ел спортшылары бес Олимпиадаға дербес мемлекет өкілдері ретінде барып, мерейге бөленді. Соңғы 2012 жылғы Лондон ойындарында зор мәртебеге ие болғанымыз әлемге аян.

2011 жылы қысқы Азия ойындарын ұтқанымыз – Тәуелсіздіктің жемісі.  

Біз 2014 жылғы қысқы Сочи Олимпиадасында ел намысын біздің өңірімізден конькишілер Дмитрий Бабенко, Роман Креч, сондай-ақ қостанайлық Денис Кузин, қарағандылық Екатерина Аидова қорғай алады деген сенімдемін.

Жеңіл атлетшіміз Маргарита Мукашева Қазанда өткен Дүниежүзілік Универсиадада ұлттық рекордпен жеңіске жетті.

Енді тәуелсіздігіміздің асқар шыңы деп әлемге танылған “Қазақстан барысын” айтуға тиіспін. Қазір біздің ұлттық күрес бойынша дүниежүзілік федерация құрылды. Бес құрлыққа танылдық деген сөз ғой бұл. Жақында Таразда Еуразия елдерінің балуандары қатысқан халықаралық турнирде болып қайттым. Ел құрамасы бас жүлдені қанжығаға байлады. Біздің балуандар ақтық белдесуде аса мықты монғолдарды жеңді.

Қазір қазақ күресі Қазақстанның брендіне айналды. Міне, Тәуелсіздіктің туы желбірегені!

2. Соңғы жылдары өңірімізде дене шынықтырумен айналысушылардың қатары күрт өсіп отыр. Олар – 143 мың адам. Бұқаралық спорттың дамуы жөнінен біз республикада төртінші орындамыз.

Жоғары шеберлік спорты да өрлеу үстінде. Бізде барлығы шеберлігі жоғары 528 спортшы бар. Биыл 8 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 35 Қазақстан Республикасының спорт шебері даярланды. Әлі өзіміз баптап жүрген грек-рим балуандарын да ел намысын қорғайтын дәрежеге жеткізуді мақсат етіп жүрміз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp