«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДІН мен ДӘСТҮР ХАҚЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Мұсылман үмбетінің бір мүшесі болып табылатын халқымыздың әдетғұрыптарының басым дені имани ұстанымға негізделген, өйткені дініміз бен дәстүрлеріміз бір-бірінен ажырағысыз. Өткеннен бүгінге жеткен әдет-ғұрып, салт-сананың негізі мұсылманшылықта жатқанын дәлелдеуді, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіруді көздеген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шығарған “Дін мен дәстүр” деп аталатын егжей-тегжейлі еңбек, міне, осы жайында.

“Әдет” те, “ғұрып” та – бәрі де араб сөздері болса, “дәстүрдің” арабша мағынасы таңғалдырмай қоймайды: “бір елдің конституциясы” деген ұғымды білдіреді. Бұл ретте салт-дәстүр бұрынғы қазақ қоғамы үшін бұлжымас заңға баланғаны алдымен ойға оралады. Халқымыз талай өткелектен өтсе де, заман өзін де, сөзін де өзгертсе де, ата салтын сақтап қалды. Сол салт-дәстүрлерінің бірсыпырасы хақ діннің негізінде пайда болған. Өйткені, дін – дәстүрдің негізі. Халық дінін ұмыта бастаса, оның сарқыншағы әдет-ғұрыптарда ғана көрініс беретіні де содан.

Салт-дәстүрлеріміздің түрлері толып жатыр: әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, тағысын тағылар. Кітапта осының бәріне талдау жасалған. Және де ештеңе де ескерусіз қалмаған: теріс әдеттер ме, дастарқан әдебі ме, туыстыққа қатыстысы ма, қысқасы, бәрі де бар. Кітап этикалық басылымға тіпті де ұқсамайды: кез келген мәселеге Құран аяттары мен хадистер арқылы діни көзқарас білдірілген (олардың мәтіндерінің арабшасы да, қазақшасы да қоса берілген – Б.Қ.).

“Қызылжар” мешітінің кітапханасына келіп түскен бұл кітап өз оқырманын табуға тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp