«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРГІЛІКТІ БАСПАСӨЗДІҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАРАЛЫП, үздік журналистер марапатталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Самат Ескендіровтің төрағалығымен СҚО әкімдігі жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып, онда төрт мәселе қаралды.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Бірінші мәселе бойынша, яғни өңіріміздегі баспасөздің бүгінгі жағдайы мен дамуы туралы “Қызылжар-Ақпарат” ЖШС-нің директоры – бас редакторы Кәрібай Мұсырман баяндады. Оның айтуына қарағанда, аудандық газеттерде журналист мамандардың жетіспеушілігі байқалып, бұл басылымдар сапасына теріс әсерін тигізіп отыр. Аудандық газеттерге кәсіби мамандардың тартылмауы олардағы еңбекақының аздығымен түсіндіріледі.

Сондай-ақ Аққайың аудандық “Колос” газетінің бас редакторы Александр Лесиков, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің Тіл және әдебиет институтының директоры Жанар Таласбаева, “Северный Казахстан” газетінің шеф-редакторы Назгүл Сүлейменова да журналистикадағы кадр мәселесі және оны шешу жолдары туралы өз ойларын ортаға салды. Александр Лесиков “Қазпочта” АҚ-ның кінәсінен мерзімді басылымдардың оқырманға уақтылы жеткізілмейтіндігін сөз етті. Журналистер қауымының айтқан тілектері мен ұсыныстарын тыңдаған өңір басшысы Самат Ескендіров өңірлік баспасөздің өзекті мәселелерін шешу шаралары қолданылатындығын мәлімдеді.  

“Қазтелерадио” АҚ-ның облыстық филиалының директоры Ғалымбек Нұрбалиев облыста сандық жүйеде хабар тарату ісінің бүгінгі жағдайы және болашағы туралы айтты. Алайда, бұл жүйені дамытуға кедергілер де жоқ емес. Солардың бірі – шетелдік спутниктік тарату жүйесі. Ондай жүйенің заңды емес екендігі сөз болды. “Отау-ТВ”-ға қол жеткізу аса қиындық тудырмайды, тек оның құрылғысын сатып алсақ болғаны, деді хабарламашы. Ал ол құрылғылар біздің өңір зауытында жасалатындығын ескерсек, солтүстікқазақстандықтар үшін бұл мәселе тіпті тиімді.

Облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Салауат Мұқсимов БАҚ-тың мемлекеттік органдармен байланысын жетілдіру шаралары жайында баяндады. Биыл бірінші рет өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси мәселелеріне жиі қалам тартқан, сюжет пен фоторепортаж жасаған, Интернет арқылы ақпараттандырған журналистерге облыс әкімдігінің сыйлығы тағайындалып, байқау жарияланған болатын. Оған республикалық, облыстық және аудандық БАҚ-тың қызметкерлері қатысты. Салауат Сыйлыбайұлы сол байқаудың қорытындысын жариялады. Бірнеше аталым бойынша жеңімпаз атанған журналистерге Самат Ескендіров дипломдар мен ақшалай сыйлықтарды табыс етті. Солардың қатарында облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінің журналистері Нұрсайын Шәріп, Гүлгүл Төлешева (суретте) және фототілші Талғат Тәнібаев бар.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp