Құрметті солтүстікқа-зақстандықтар!
Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні құтты болсын!
Еліміз үшін ерекше бұл күні біз мемлекетіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік кемелділігін жете сезінеміз.
Тәуелсіздік алуымыз топтасқан Қазақстан халқының әрқашан басты байлығы, абыройы және алға басуының негізгі әлеуеті болған, бар және болатын тарихымыздың бүкіл барысын айқындап берді.
Тәуелсіздік жылдарындағы оң өзгерістер, Елбасының ғаламдық бастамалары нәтижесінде еліміз халықаралық деңгейде кеңінен таныла түсті. Қазақстан кең-байтақ Еуразия құрлығындағы ықпалдастық үдерістерінің аса ірі бастамашысы болып табылады.
Қоғамымыздағы бірлік, татулық және келісім Мемлекет басшысының “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттерді жоспарлы түрде шешуге мүмкіндік беруде.
Еліміздің өркендеп, даму ісіне солтүстікқазақстандықтар да зор үлес қосуда.
Біз Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға белсене қатысудамыз, оның шеңберінде бүгінгі таңда облыста 26 жоба іске қосылды. Үстіміздегі жылы облысымыздың аграршылары 5,2 миллион тоннаны құрайтын жоғары астық түсімін қамтамасыз етті. Өңірімізде аса маңызды әлеуметтік бағдарламалар тұрақты жүзеге асырылуда.
Осы факторлардың барлығы өңіріміздің әрбір тұрғынының әл-ауқатын арттыруда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Біз ойға алғанның бәрі жүзеге асырылады деп шынайы үмітімізді білдіреміз. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында алға қойған өмірлік маңызы бар міндеттерді орындау үшін күш-жігерімізді біріктіруге ұмтылысымыз республикамыздың одан әрі өркендеуіне жәрдемдеседі деп сенеміз.
Қымбатты солтүстік-қазақстандықтар!
Сіздерді осынау ұлы мерекемен шын ниетпен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, татулық пен келісім, Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға жетістік пен амандық-саулық тілеймін! Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан көркейе берсін!
Самат ЕСКЕНДІРОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.