«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РОЖДЕСТВО ҚАРСАҢЫНДАҒЫ КӨРМЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрнағы күні облыстық Бейнелеу өнері мұражайында “Мәңгілікті ойлау…” байқау-көрмесі өтті. Бұл шараны ұйымдастырушылардың бірі – “Коперник” поляк этнобірлестігі. Рождество мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған байқау-көрмеге қатысушылар өз жұмыстарында белгілі Інжіл сюжеті бойынша “Бақсылардың табынуын” көрсетті.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Көрмеге қатысушыларға жас жағынан шектеу қойылмаған. Олардың қатарында орта мектептің оқушылары, көркемсурет мектептерінің тәрбиеленушілері, колледж студенттері, оқытушылар және еркін суретшілер бар. Көрмеге Польшадағы Краков және Торунь қалаларының оқушылары жіберген суреттер де қойылды. Сондай-ақ облыс орталығындағы жастармен қатар Тайынша ауданының оқушылары да белсене қатысты.

“Мәңгілікті ойлау…” байқау-көрмесіне 120 автор қатысты. Олардың елуі Польшадан келген. “ЮНЕСКО” клубының оқушылары Иса пайғамбарға сыйларын әкелген үш патшаны бейнелеген. Жас дарындардың еңбектері бағаланып, олар 1-орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

– Көрмеге қатысқан балалар Інжіл сюжетін негізге алып, бізге өз жұмыстарын жіберді. Туындылардан отбасы құндылықтарын сақтау, тарихты білу мен дінге деген құрметті көруге болады, – деді облыстық “Коперник” поляк этнобірлестігі төрағасының орынбасары Валентина Корнева.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp