«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІРЛІК БАҚ ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәрсенбі күні Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғановтың, республикалық және өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысуымен медиафорум өтті. Өңірімізде алғаш рет өткізілген форумның тақырыбы “Ашық аймақ: БАҚ-тың қазіргі уақыттағы жағдайы және даму үдерісі” деп аталды.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Форумда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов елімізде атқарылып жатқан игі істерді халыққа жеткізу, шешімді қажет ететін сұрақтарға билік назарын аударту сияқты жұмысты БАҚ өкілдерінің сапалы атқарып жүргенін айтып, “төртінші билік” өкілдері өздерін мемлекеттік билік өкілдерімен тең құқықты серіктестер ретінде сезінуі маңызды екенін атап өтті.

Медиафорумның диалог алаңында журналистер толғандырған мәселелер жайында ой қозғап, ұсыныстарын айту мүмкіндігіне ие болды.  

Тек қазақша хабар тарататын “Қазақстан” теларнасының солтүстік өңірдегі филиалы көрермендерге керекті тақырыпты қозғап, көптің көкейіндегі мәселелерді дөп басуда. Осы жайында “Қазақстан” РТРК АҚ басқарма төрайымының орынбасары Ғалым Омарханов мәлімдеді.

Қазіргі уақыттағы БАҚ-тың даму үдерісі жайында сөз алған “Казахстанская правда” республикалық газетінің шеф-редакторы Сәбит Малдыбаев мерзімді басылымдар электронды БАҚ-тың көлеңкесінде қалмау үшін ақпаратты жедел беріп, сараптамалық материалдар жариялауды жолға қоюлары қажет, деді.

Форум барысында БАҚ пен биліктің қарым-қатынасын жетілдіру мәселесі де сөз болды. “Әділ Арқа” өңірлік БАҚ-ты қолдау жөніндегі қоғамдық қорының төрайымы Зәуре Жұмалиева облыстық Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік органдар мен журналистердің тиімді байланысын ұйымдастыру жөніндегі жобаны жүзеге асыруда атқарған жұмысын баяндады. Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Мадина Балғашоқова баспасөз қызметі мен БАҚ-тың жұмысын жолға қоюдың маңыздығына тоқталып өтті.

Облыстық соттың судьясы Елена Максюта мен заңгер Павел Афанасьев еліміздегі сөз бостандығына тоқталып, адамдардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын заң тұрғысынан түсіндірді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp