«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҮКІЛ ЖЕТІСТІГІМІЗДІҢ БАСТАУЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Виктор ШАЛАЕВ,

Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі,

Петропавл қаласының Құрметті азаматы.

1. Мен отыз үш жылдан бері Петропавл қаласында тұрып, Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында шығармашылық жұмыспен айналысып келемін. Сахнагер өмірі шығармашылық ізденіспен өтеді ғой. Сондықтан Қазақстанға жол тартып, 1980 жылдан бері Петропавлда тұрақтап қалдым. Осы уақытқа сын көзбен қарасам, өкінуге болмайды деген ойдамын. Мен мұнда бұлақ көзін ашқандай, олжалы болған екенмін.

Сахнада жүзден аса тұлғаларды сомдадым. Соның ішінде Қазақ даласының данышпан тұлғасы Шоқан Уәлихановты мүсіндегенімді мақтаныш тұтамын. Ал содан соң Орталық Азия елдерінің ІІ халықаралық фестивалінде өзім жазған “Мағжанның соты” спектаклін сахналадым. “Қазақстанның тарихи тұлғасын сахнада жарқын бейнелегені үшін” деген аталымда лауреат болдым.

Мен бұл екі ұлы тұлғаны бекер таңдаған жоқпын. Алғашқысы – он тоғызыншы ғасырда, ал соңғысы жиырмасыншы жүзжылдықта өз ұлтының тәуелсіздігі жолында күрескен. Егер Шоқан тәуелсіздікке халқының сауатын ашу, білімге шақыру арқылы қол жеткізуді армандаса, Мағжан нағыз бостандық қана ұлтты бақытқа жеткізетінін ұғып, өзінің жалынды жырлары арқылы жүректерге нұр құйған.

Осы қос кемеңгердің бірінің тұлғасын сахнада өзім мүсіндеу арқылы Тәуелсіздіктің қадірін ұқтырсам, екіншісінде ұлы ақынның шығармашылығын, басынан кешкен зардаптарын, ажалын көрсетумен адам баласы үшін бостандықтың бағасын бейнелеп бердім.

Өнерде бөгесін, қолбайлау болмауы керек. Қазір біздің еліміз бұл салада әлемге үлгі боларлық табыстарға қол жеткізіп келеді. Тәуелсіздіктің бір жемісі емес пе бұл?! Мен ешкімге жалтақтамай, өзіміздің өнерімізді өңірлерге де, өзге шет жерлерге де таныстыра алатын мүмкіндігіміз барын мақтан етемін. Екінші бір қуанышым – “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл” медалімен марапатталуым.

2. Адам жыл өткен сайын жасармайды. Алайда, кемелдене түседі. Мен алдағы жылы, аманшылық болса, 68 жасқа келемін. Бұл сондайлық шау тартатын шақ емес. Шығармашылықтың нұры жарқырап, шабыт оты шалқитын кез деп білемін бұл жасты. Сондықтан сахнаны тың туындылармен көркейте бермекпін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp