Алматы қаласында спорттық акробатикадан жеке жаттығулар бойынша Қазақстан Республикасының біріншілігі өтті. Оған 8 команда, 78 спортшы қатысты.
Аталмыш додада солтүстікқазақстандық екі акробатшы өңір намысын қорғаған болатын. Тартысты доданың қорытындысы бойынша Александр Зотов (1997) пен Анастасия Бейсембаеваның (2001) аралас жұбы екінші жаттығуда екінші орыннан көрінді.
Жеңімпаздар – акробатикадан мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері.
Облыстық Дене шынықтыру
және спорт басқармасының
баспасөз қызметі.