“Барыс” спорт мектебінде мемлекеттік қызметшілер арасында үстел теннисінен облыстық біріншілік өтті. Оған 70-тен астам адам қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша, қаржы полициясы жеңімпаз атанды. Ал қалалық әкімдік пен Салық басқармасының құрама командалары екінші және үшінші орындардан көрінді.
(Өз тілшімізден).