«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҚАБИ БОЛУ – ЖАУАПТЫ ІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осы жылғы маусым айынан бастап алқабилер өлім жазасы немесе өмірлік бас бостандығынан айыру қарастырылған аса ауыр қылмыстық істерге ғана қатыса алады. Алқабилерге қатысты қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі осы өзгеріс мамандандырылған ауданаралық сотта өткен брифинг барысында айтылды. 

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

– Алқабилердің қатысумен сот ісін жүргізудің мақсаты азаматтардың құқықтарын қорғау ісіне қатысу, шешім шығарудың ұтымды да тиімді жолдарын қарастыру, сот төрелігінде әділ үкім шығаруға атсалысу, азаматтардың мүдделерін заң талаптарын бұзу әрекеттерінен қорғау болып табылады. Алқабилер институтының маңыздылығы ең алдымен, оның аса ауыр қылмыстар бойынша өлім және өмірлік бас бостандығынан айыру жазасы көзделген қылмыстық істерге қатысуында. Ал олардың қатысуын сотталушы мен қорғаушы талап ете алады. Биылғы жылы Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен 18 қылмыстық іс қаралды. 1 іс қаралу үстінде, – деді мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Бауыржан Баймұрзин.

Баспасөз мәслихатында алқабиге қойылатын талаптар мен міндеттер сөз болды. Судья Бақытжан Сатыбалдинова осы уақытқа дейін әділ шешім шығаруға атсалысқан азаматтарға алғысын айтып, алқабилер сотының сот жүйесін жетілдіруде, халықтың құқықтық санасын дамытуда қосып отырған үлесінің мол екенін жеткізді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp