«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ЖҰБАЙЛАР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Самат Ескендіров Петропавл қаласына ерекше көрік беріп отырған “Береке” шағынауданында жас отба-сыларға “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы аясында жаңа пәтер кілттерін табыс етті. 

Қанат АТАМАНОВ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Салтанатты рәсімде жас отбасыларды өңір басшысы құттықтап, олардың қуаныштарымен бөлісті.  

– Ұлттық мейрам қарсаңында облыс орталығында жаңа салынған нысандарды салтанатты түрде ашу игі дәстүрге айналған. Осы орайда қалада екі көппәтерлі жалгерлік-коммуналдық тұрғын үй пәтерлерінің кілттері – ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында жас отбасыларға табысталып отырғандығы – біз үшін үлкен мерей! – деген өңір басшысы Самат Сапарбекұлы Елбасы тапсырмасының арқасында тұрғындар баспаналы болып отырғанын атап өтті.

Қолдарына кең сарайдай пәтерлердің кілтін алған баспана иелерінің қуанышында шек жоқ. Жаңа пәтер иелері болса облыс әкіміне өз алғыстарын білдіріп, мереке қарсаңында жаңа баспанаға қоныстанудың өзі өте қуанышты сыйлық болғанын жеткізді.

Өңірімізде “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы екі бағытпен дамытылып келеді. Бірі – жалпы жұртшылыққа, екіншісі – жас отауларға арналған. Бүгінгі таңда 594 отбасыға пәтер кілті табыс етілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1252-ге жеткізіліп, қоныс тойын тойлаушылар саны әлі де болса көбеймек.

75 пәтерлік бұл баспана – жас отбасыларға арналған алғашқы тұрғын үй. Бұған қоса жас отбасыларға облыс орталығында 7 көппәтерлі жалгерлік-коммуналдық үй салынуда.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp