«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕТСІН БІР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ойынға қатысушылардың саны екіден аспауы керек. Екеуі сақаларын қосып, кезектерін анықтау үшін иіреді. Сосын бірінші кезек алған ойыншы қарсыласының сақасын атқан кезде шамасы келгенше алысқа ұшыруға тырысады. Сөйтіп, сақаның алғаш жатқан жерінен ұшып барған орнына дейінгі арақашықтықты табан ұзындығымен өлшейді. Яғни, қанша табанға ұшырса, келісілген шарт бойынша сонша асығын алады. Мысалы, ойыншылар үш табанға бір асық немесе табан басына бір асық деп келісулері мүмкін. Бірінші ойыншы ұтқан асығын алып біткен соң сақа атуды екінші ойыншы бастайды. Ойын осылайша жалғаса береді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp