Тәуелсіздіктің 22 жылдығы қарсаңында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында салтанатты жиналыс болып өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Владимир Балахонцев қатысты.
Владимир Балахонцев жиналғандарды Қазақстан Республикасының төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, аталмыш мекемеге “Сала көшбасшысы – 2013” ұлттық сертификатын, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бейбіт Исмановқа, басқарманың бас маманы Тимур Әуеловқа ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Құрмет грамотасын, Жамбыл және Мамлют аудандық жол бөлімшелерінің басшылары Құрымбай Сибанов пен Иван Селинге облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
(Өз тілшімізден).