Үміт ӘБЕНОВА,
№12 орта мектеп кітапханасының меңгерушісі,
Ақмарал ДЖУМАКУЛОВА,
№12 орта мектептің жанындағы шағын орталықтың қазақ тілі пәні мұғалімі.
Бүгінде Елбасы десек – Тәуелсіздік, Тәуелсіздік десек – Елбасы ойға оралып, нұрлы бейбіт, бақытты күндеріміз алтын сәулесін шашады. Тәуелсіздік мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтілуде. Оқушыларды елін сүюге, намысын қолдан бермеуге, Отанын сүюге үйрету мектептен, балабақшадан бастау алады. Былғары зауыты ауданындағы №12 мектептің жанынан ашылған шағын орталықта да осы мереке аталып өтілді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары – С. Кренева, Б.Сабырова, Т.Андреева балаларды екі тілде сөйлетіп, ән айтқызып, тақпақ жаттатып, ойын ойнатып, мерекені әрлендіре түсті. Ал биші И.Лахтина балаларды мың бұралтып, “Қамажай” биінің жаңа үлгісінде билетті. Ән-күй мұғалімі Л.Дедованың сүйемелдеуінде “Отаным”, “Ана тілі”, “Туған жер” әндері орындалды.
Ересектер тобы және естиярлар топтары қазақтың “Тақия” және “Жақсы” ойындарын ойнады.
Кітапхана тарапынан “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 22 жыл” тақырыбында екі тілде көрме ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында Тәуелсіздік белгісі бар тәттілер балаларды мерекелік қуанышқа бөледі. Келген қонақтар, ата-аналар балаларының өнерлеріне дән риза болып қайтты.
Мереке соңында мектеп директоры Айтқожа Баукенов еліміздің ертеңі, болашақ патриоттар осы бүлдіршіндер болатынына кәміл сенетіндігін айтып, мерекені құттықтау сөзбен аяқтады.
Петропавл қаласы.