«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын өтті.  

Департамент бастығы Павел Филиппов департаменттің жеке құрамын, ардагерлер мен қызметкерлерді айтулы күнмен құттықтады. Павел Владимирович ТЖМ аумақтық органының жұмысын, солтүстікқазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың түрлі төтенше жағдайларда көрсеткен ерліктері мен жанқиярлықтарын жоғары бағалап, Елбасы алға қойған міндеттерді іске асыруға департамент қызметкерлерінің әрқайсысын белсенді қатысуға шақырды.

Министрліктің аумақтық бөлімшесінің басшысы департамент ұжымы қызметін айқын сипаттайтын келесі көрсеткіштерді келтірді: есепті кезеңде апаттық-құтқару жұмыстарына қызметшілер 1347 рет шықты, онда 334 адам (олардың 53-і – балалар) құтқарылды, төтенше жағдайлар аумағынан 1950 адам көшірілді, 186 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, 563 миллион теңге мөлшеріндегі материалдық құндылықтар құтқарылды.  

Байырғы дәстүрге сай аумақтық бөлімше басшысы озат қызметкерлерді марапаттады. Департаменттің 21 қызметкері мадақтамалар мен Алғыс хаттарын алды. Іс-шара департаменттің және ведомстволық ұйымдардың қызметкерлері күшімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласты.

ТЖД баспасөз қызметі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp