Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ.
Ең жақсы әдет – халқыңның әдеті.
Ең жақсы киім – халқыңның киімі.
Ақыл, ой, білім – әр адамның сәулеті.
Ұлы адамдар есігі – бақыт көзі, мейірімі – бақыт кілті.
Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл.
Ақылды ақшасыз-ақ дәулетті.
Әкең – асыл қазынаң, аға, інің – асқар тауың, ал досың – әрі асқар тауың, әрі асыл қазынаң.
Қанағат – әрі қазына, әрі қасиет.
Сыпайылық – даналықтың белгісі.