Ресейдің Омбы қаласында КСРО спорт шебері Юрий Зикуновтың жүлдесі үшін акробаттық жолақ пен батутта секіруден бүкілресейлік жарыс өтті. Оған 12 команда, 130 спортшы қатысты.
Байрақты додада жеңімпаз атануға таласқан гимнасшылардың арасында 12 қызылжарлық спортшы да болды. Атап айтқанда, 11-12 жастағылар арасында Виталий Дель (акробаттық жолақ, алтын) және Александр Зотов пен Анастасия Бейсембаеваның (спорттық акробатика, алтын) аралас жұбы, Дамир Құсайынов пен Антон Ямпольскийдің (спорттық акробатика, күміс) ерлер жұбы, Сергей Галицкий (акробаттық жолақ, қола) мен Вера Филатова (батутта секіру, қола) топ жарып, жүлделі орындардан көріне білді.
Спортшыларды додаға Андрей Ямпольский дайындады.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.