Адырна – қазақ халқының ертеден келе жатқан музыка аспабының бірі. Әуелде адырна садақ пішінді болған. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады.
Әуелі ағаштан құрап, шанақ, мүйіз жасалып, шанақтың асты-үсті терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішектер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң және сол қол саусақтарымен іліп, тартып ойнайды.