Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ,
журналист.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығында жаңа турбина іске қосылды. Облысты жылу және жарықпен қамтып отырған кәсіпорын бұл жұмысты энергия үнемдеу және инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында атқарған еді.
6 млрд. теңгенің құрылғысы 2015 жылға арналған қайта құру және жарақтандыру инвестициялық бағдарламасы бойынша орнатылған. Қуаттылығы 50 мегаватқа жететін турбинаны облыс әкімі Самат Ескендіров іске қосты. Бу турбинасын пайдалануға бергеннен кейін қосымша 50 мегават электр энергиясын және 96 Гигакалория жылу қуатын алуға мүмкіндік туады. Сонымен қоса бұл турбоқондырғылардың тозуын 10 процентке азайтады.
“Орал құбыр зауытында” шығарылған агрегаттың қосылуымен 2 жаңа жұмыс орны ашылыпты. 1961 жылы жұмысын бастаған екінші жылу орталығында бүгінде 12 қазандық қосулы.
Жаңа бағдарламалардың арқасында жылу таратқыш мекеме алдағы уақытта ескірген жабдықтарын жаңаламақ. Ал жаңа турбинаның арқасында электр энергиясын өндіру көлемі ұлғаяды деп күтілуде.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.