«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕГЕМЕНДІКТІ КӨЗДІҢ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ САҚТАУ – ПАРЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ербол ОТАРБАЕВ,

ҚР ІІМ ішкі істер Әскери институтының курсанты,

III дәрежедегі “Айбын” орденінің кавалері.

Тәуелсіз ел атанып, егемендіктің туы желбірегелі еліміз зор жетістіктерге жетіп отыр. Тарих тарланы атанған Манаш Қозыбаев Тәуелсіздік жайында былай деп жазады: “Балғын тәуелсіздік туралы түсінігіміз кеңи түсті. Біз бүгін Тәуелсіз ел деп халықаралық ұйымдарға емін-еркін кіретін, көгілдір байрағымызды желбіретіп, басқа елдің төріне ілетін, әлемдік қоғамдастықта қай елдің өкілдері болса да, қазқатар алдыңғы легінде жүретін, елі аман, жұрты тыныш, шекарасы бүтін, көңілі көтеріңкі, қабағы ашық, жүзі жарық саясаткер көсемі бар парламенттік республикалық мемлекетті айтамыз”. Ғалымның осы сөздері қазақ еліне берілген үлкен баға деп білемін.

Азаттықты аңсаған қазақ халқының асыл арманының орындалғанына биыл 22 жыл толып отыр. Сындарлы шақта елдің елдігін сақтап қалу, ұлт еңсесін тік ұстап, Тәуелсіздіктің көк туын көкке көтеру күрделі іс болатын. Осындай күрделі кезеңде көреген басшы – Нұрсұлтан Назарбаев салиқалы саясат ұстанып, елді, халықты сара жолмен кемелденген, бүгінгі Қазақстанға, қуатты мемлекет құруға бастады. Осы жолда Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа жарқын бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президентіміздің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.  

Іргелі идеялар нақты жобаларға айналып, “Қазақстан – 2050” Стратегиясы, “Мәдени мұра” бағдарламасы, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ел болашағын айқындады. Бүгінде еліміздің ішкі саясаттағы тұрақтылығы мен сыртқы саясаттағы табыстарына өзгелер қызыға қарайтындай дәрежеге жеттік. Бірнеше ұлт пен ұлыстың тату-тәтті мекеніне айналған еліміз дінаралық татулық, өзара түсінушілік, өзгенің қадір-қасиетіне сыйластықпен қараудың ерекше үлгісін көрсетуде.

Осындай жетістіктерін әлем мойындаған мемлекеттің ұрпағы болғанымды мақтан тұтамын.

Міне, сонау бабалар аңсап, армандаған Азаттыққа қолы жетіп, әлемнің кез келген қуатты мемлекеттерімен терезесі тең, халқы бейбіт өмірде бақытты ғұмыр кешуі және бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктерін ойласақ, тәуелсіз елдің жастары – біздің кеудемізді қуаныш кернейді.

Менің ойымша, халқымыз Тәуелсіздікпен мақтану аз, оны көздің қарашығындай сақтау парыз екенін, ел мүддесін ақтау керек екенін, осы мүдде бізге тірек болатынын түсінетіні айқын.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің: “Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ”, – деп ер қайратыңа міндағы, өрге бас!” – деген сөзі әр азаматтың ұстанымына айналуы тиіс деген ойдамын.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp