«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің “Қазақ журналистикасы” мамандығы бойынша білім беретін ұжым Тәуелсіздік күніне арналған дәрістің тақырыбын осылай атады.

Бірінші курс студенттері қатысқан бұл басқосудың бостандықтың жаршысы – Мағжан атындағы дәрісханада өтуінің мәні бары анық. Сабақ барысында ұлы ақынның рухы атойлап тұрғандай еді. Бұл күйді оның жырларын жатқа оқыған студент жастар ұқтыра білді.

СҚМУ профессоры Зарқын Тайшыбай өзі дәріс беріп жүрген жастарға халқымыздың тарихындағы осынау киелі күннің мән-маңызын айта келіп, өзі куә болған жағдайларды, мұрағат қайнарларынан іздестіріп, тапқан деректерді әңгімеледі.  

Кездесуге шақырылған белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зейнолла Әкімжанов 1986 жылғы желтоқсанда және кейінгі уақытта – Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланған күнге дейінгі қазақ журналистикасының жай-жапсары, сөз бостандығының қалыптасуы туралы әңгімелеп, өзінің Мағжанға, еліміздің егемендігіне арналған жаңа өлеңдерін оқыды.

Студенттер күйлер тартып, әндер салды, билер орындады. Әсіресе, студенттер Байболат Құлтанов пен Гүлден Жамбылованың тырнақалды өлеңдері ықыласпен тыңдалды.

“Желтоқсан жаңғырығы” дәрісі жастар жүрегіне дарып, оларды отаншылдық әсерге бөледі.

 (Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp