«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САНДЫҚ ТЕЛЕДИДАР әр қазақстандық үшін қолжетімді болмақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Индустрияландыру күні мерекесіне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ресми түрде ұлттық сандық эфирлік теледидарды іске қосты. Осы шараға орай облыс әкімінің аппарат жетекшісі Владимир Дудовтың және өңірлік телеарналар басшыларының қатысуымен “Қазтелерадио” АҚ облыстық филиалында салтанатты шара өтті.

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Енді сандық хабар тарату барлық облыс орталықтары мен Маңғыстау өңірінде жүзеге асырылады. Нәтижесінде еліміздің әрбір екінші тұрғыны отандық телеарналарды сандық сапада көре алады. Үстіміздегі жылы технологиялық қондырғыларды монтаждау, басқару жүйесін ұйымдастыру және хабар тарату сапасының мониторингі бойынша қажетті шаралар тындырылған. Ал соңғы айда сандық хабар тарату толығымен тестілеуден өткен.

Нәтижесінде Петропавл қаласының тұрғындары және одан 40 шақырымда жатқан елді мекендер 30 отандық телеарнаны абоненттік ақысыз көруге мүмкіндік алды. Қазірдің өзінде аталмыш аумақта тұратын 275 мың солтүстікқазақстандық отандық арналарды жоғары осы заманғы сапада 15 арнаны тамашалауда. “Қазтелерадио” АҚ облыстық филиалының директоры Ғалымбек Нұрбалиевтың айтуынша, енді осы сандық технологияны енгізуге байланысты елдегі ақпараттық теңсіздік мәселесі шешілетін болады. 2016 жылға қарай сандық желіде хабар тарату ел аумағындағы тұрғындардың 95 пайызын қамтымақ.  

Жиын барысында журналистерге сандық телеарнаның жаңа үлгідегі қондырғылары орналасқан бөлме таныстырылды. Қазіргі өзіміз тамашалап жүрген арналарды сандық теледидардан көргенімізде айтарлықтай айырмашылықтың бар екенін аңғардық. Бейне мен дыбыстың жоғары сапасы бірден байқалады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp