Самал БАТЖАНОВА,
Саумалкөл №2 гимназия-мектебінің биология
пәні мұғалімі.
Табиғатты аялауды тәрбие мен білім мекемелерінен бастау қажет. Біздің табиғаты көркем Айыртау ауданындағы Саумалкөл гимназия-мектебінде осы мақсатта түрлі шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Соның бірі – жуырда өткен экология, биология айлығы. Іс-шара радиолинейкамен ашылып, әр сыныпта түрлі тақырыптарда сынып сағаттарына ұласты.
Ұйымдастырылған “дөңгелек үстел”, экологиялық калейдоскоп, зияткерлік ойындардың мазмұны кең, мән-мағынасы терең болды. Айлық қорытындысы бойынша белсенді оқушылар марапатталды.