Айыртау ауданында таңғы сағат бес шамасында “Тамыз” шаруа қожалығына тиесілі “МТЗ-82” тракторы Имантау көлінде суға батып кетті.
Түс ауа ауыл тұрғындарының күшімен көлік судан шығарылды. Трактордың кабинасынан екі ер адамның мүрдесі табылды. “Тамыз” шаруа қожалығының 39 жастағы механизаторы мен 40 жастағы жұмыссыз ер адам Имантау ауылының тұрғындары болып шықты. Біріншісінің артында екі баласы мен зайыбы қалды.
Трактордың суға қалайша батып кеткені белгісіз. Көліктің мұз астында жатқаны оның жанып тұрған апат фонарьларынан белгілі болған. Қазір төтенше жағдайдың себебі анықталуда.
Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.