«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚТЫҢ БҰЛБҰЛЫН қызылжарлық өнерпаз сомдады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақтың бұлбұлы атанған опера әншісі Күләш Байсейітова жайында фильм түсіріліп, оның алғашқы сериясы 23 желтоқсан күні “Хабар” арнасынан көрсетіледі. Тарихи-өмірбаяндық телехикаяның басты рөлін жерлесіміз Әйгерім Уәлжанова сомдайды. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан” .

“Хабар” агенттігі қолға алған бұл жаңа жобада белгілі опера әншісінің тағдыры егжей-тегжейлі баяндалады. Кинотуынды бірнеше сериялы. Фильмнің продюсері – Баян Есентаева, ал режиссері – Жасұлан Пошанов.

Қазақ операсының жарық жұлдызы Күләш Байсейітованың тағдыры қиындау болғаны белгілі. Небәрі 24 жасында КСРО-ның халық әртісі атанған әншінің рөлін сомдаған жерлесіміз Әйгерім Уәлжанова – театр әртісі. Өңірімізде Әйгерім Сәменова тегімен танылды. Ол – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаттың түлегі. Жастайынан өнерге жақын жүрген Әйгерімді өңірімізде бұлбұлға теңегені бекер емес. Себебі, Әйгерім бала күнінен сахна төрінен орын алып, өзін әнші ретінде таныта алған. Ол көптеген байқауларға қатысып, жүлделі орындар да иеленген. Өзінің саналы өмірін өнер жолына арнағаны да сондықтан.

Өзіндік табиғи дауысы бар Әйгерімнің қазақтың бұлбұлына балаған Күләш Байсейітованың рөлін сомдауы тегін емес. Сырт келбетінің опера әншісімен ұқсастығын айтпағанда, Әйгерім де опералық дауыстан кенде емес. Ол – колоратуралық сопрано дауысының иесі. Фильмде өзі ән айтпаса да, өмірін өнерге арнаған Күләш Байсейітованың рөлін жоғары дәрежеде сомдап шығуға септігін тигізетіні анық. Әйгерімді алдағы уақытта қазақ кино өнерінің көкжиегін бағындырарлық талай кинотуындылардан көруіміз мүмкін.

 СУРЕТТЕ: К.Байсейітова рөліндегі Ә. Уәлжанова.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp