«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

500 МЫҢЫНШЫ АБОНЕНТ сыйлыққа ие болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Отау ТВ” ұлттық операторының абоненттер саны 500 мыңға жетті. Бес жүз мыңыншы абонент болып қосылған Петропавл қаласының тұрғыны Евгений Новиковты “Қазтелерадио” АҚ облыстық филиалының басшылары салтанатты түрде құттықтады. 

Телерадио хабарларын тарату саласындағы “Отау ТВ” ұлттық операторы ұлттық сандық теледидарды енгізу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңі болып табылады. Аталмыш жоба 2011 жылдың қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен іске қосылған. Бүгінгі күні “Отау ТВ”-ны 2 миллионға жуық қазақстандық тамашалауда. Әсіресе, елді мекендердегі ағайындар ұлттық желінің қызығына бөлену үстінде. Бұрын ауылдағылар қазақстандық үш-бес телеарнаны ғана көрсе, енді олардың назарына 38 қазақстандық теле және 7 радиоарна ұсынылған.

“Қазтелерадио” АҚ облыстық филиалы сату орталығының басшысы Руслан Рамазановтың қолынан сертификат пен сыйлыққа теледидар алған жолы болғыш абонент Евгений Новиков мұндай марапатты күтпедім дейді. Ол бастапқы сәттен “Отау ТВ”-ның қолжетімді бағасына қызыққан. “Өзге операторларға қарағанда, ұлттық желіні қосуға кететін шығын әлдеқайда аз. Сіз оған қосылсаңыз, өзгелерге сияқты ай сайын төлем жүргізбейсіз. Өзім 21 мың теңге төледім де, қазір барлық қазақстандық телеарналар мен радионы көріптыңдауға мүмкіндік алдым”, – дейді Евгений. “Қазтелерадио” басшылығы абонентке ақылы “Элит” телебағдарламалар премиум пакетін үш ай тегін қосу мүмкіндігін сыйлады.  

Ұлттық оператордың қондырғыларының құны 17 мың теңгеге төмендесе, оны қосу 5 мың теңгені құрап отыр. Облыстағы абоненттер саны 12 мыңнан асқан. Ұлттық желіні қолдайтындардың басым бөлігі – Уәлиханов және Ақжар аудандарынан.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp