«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КУӘЛІК ҚАНА ЕМЕС, мамандық та алдық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлсім РЫСҚҰЛОВА,

Жамбыл орта мектебінің

педагог-психологі.

Биыл ел мектептерінің пси-хологтері өздерінің отбасы-лық тәрбиеге байланысты біліктіліктерін арттыру мақсатында Астана қаласында арнайы ашылған “Отбасылық тәрбиелеу институтына” барып, білімдерін жетілдіріп қайтты. Институт жаңа заман талабына сай жасалған. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған психологтер аталмыш институтта бас қосты. Өзара тәжірибелер алмасып, дәрістер тыңдады.

Олардың арасында біздің ауданымыздың да психологтері де бар еді. Институттың табалдырығын алғаш аттаған күні оқу ордасының ұжымы концерттік бағдарлама ұйымдастырып, бір жасап қалдық. Осындай жағымды көңіл-күйде басталған оқу барысы жаңа идеялар мен қызықты мағлұматтарға толы болды. Институтта бізге білім берген ұстаздардың басым көпшілігі – Мәскеуден келген білікті оқытушылар. Солардың ішінде А. Цветков, М. Трубачева, Е. Ёлгина, Ж. Намазбаева, т. б. бар.

Институтта оқып жүріп, баршамыз өзімізді басқа қырларымыздан аша білдік. “Отбасылық тәрбиелеу институтының” оқыту бағдарламасын аяқтаған соң әрқайсымыз өзіміздің курстық жұмысымызды жаздық және оны өз деңгейінде қорғай білдік деп ойлаймын. Курсты толық аяқтағаннан кейін қолымызға куәлік алып және отбасылық мәселелер жөніндегі кеңесші мамандығын алып шықтық. Бұл да бір үлкен жетістік деп санаймын. Осындай институттың елордамыздың төрінде бой көтергені көңілге қуаныш ұялатады.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp