Еркінбек БАЙБОЛОВ,
облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы.
Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің Қызылжар аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде “Қуатты Армия – қуатты Қазақстан” жауынгерлік жарыс ұранымен 2013 оқу жылының нәтижелерін қорытындылауға арналған оқу өткізілді.
Онда Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының бұйрығымен мереке құрметіне жауынгерлік даярлықта үздік көрсеткіштерге қол жеткізген әскери қызметшілер, ҚР ҚК қызметкерлері, Қорғаныс істері жөніндегі басқарма, бөлімдер аталды. 2013 оқу жылының қорытындысы бойынша үздік басқарма, бөлім атағына Есіл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Петропавл қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, Қызылжар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Шал ақын ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қол жеткізді. Аталған үздіктер департамент басшылығы тарапынан ауыспалы жалаушалармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.
2013 оқу жылының қорытындысынан кейін жиналғандар Петропавл қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздарымен бірлесе әзірленген концерттік бағдарламаны тамашалады.