Петропавл қаласы ІІБ Әкімшілік полициясы бөлімінің бастамасымен “Нұр Отан” партиясының солтүстікқазақстандық филиалында қаламыздың сауда нысандарын қылмыскерлерден қорғау мәселелері жөнінде “дөңгелек үстел” өтті.
Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,
СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.
Полицейлердің мәліметі бойынша, мүліктік қылмыстардың алдын алу және оларды ашу жөніндегі жұмыстарға жүргізілген талдаулар қарақшылық тонаудың басым бөлігі кәсіпорындарда, яғни сауда, несиелік-қаржылық нысандарда орын алатындығын көрсетті. Жыл басталғалы облыс орталығында қарақшылықтың 10 фактісі тіркелді. Қылмыстың негізгі бөлігі – осал сақтықтан, яғни дабылдатқыштың, сапалы бейнебақылаудың жоқтығынан кешкі және түнгі уақыттарда жасалған.
“Дөңгелек үстел” барысында қылмыскерлерден сақтану құралдары туралы сауда орындарының бас-шыларын бұқаралық ақпарат құралдары, электронды пошта арқылы ақпараттандыруды жандандыру жө-нінде көптеген ұсыныстар енгізілді. Петропавл қала-лық Салық басқармасы бөлімінің басшысы Талғат Санкеев электронды түрде хабарлама жолдауды ұсынды.
Тәртіп сақшыларының пайымдауынша, сауда нысандарындағы қылмыстардың санын төмендету үшін сақтық шараларын барынша қолдану қажет, сонымен қатар барлық мүдделі мемлекеттік орган-дардың бірлескен әрекеті арқасында ғана қылмысты болдырмау мүмкіндігі артады.