Ольга ЮРЬЕВА,
“ХҚКО” РМК СҚО бойынша филиалының БАҚ жөніндегі менеджерінің міндетін атқарушы.
Жаңа қызметті онлайн түрінде www.egov.kz порталында немесе баламалы негізде атқарушы органда – бірінші несиелік бюрода алуға болады.
Қызметтің құны: жазылымның кезеңіне байланысты 500 теңгеден (1 ай) – 2500 теңгеге (12 ай) дейін (ҚҚС қоса алғанда).
Қызмет көрсету мерзімі: жазылымның кезеңіне байланысты (1, 3, 6, 9, 12 ай).
Мониторинг – жеке тұлғаға несие тарихында белгіленген өзгерістерді тексеруге, сонымен қатар қандай банктер несие тарихын сұрағанын көруге мүмкіндігін ұсынатын қызмет.
Несие тарихында өзгерістер болған кезде, жазылымның кезеңінде, өтініш берушіге оның несие тарихындағы өзгерістері туралы SMS-хабарландыру түседі.
Қызметті онлайн қалай алуға болады?
1. Порталда авторлану және “Онлайн қызметке тапсырыс” жолына көшу.
2. Өтінімді толтырып, жіберу.
Несие тарихы дереу түрде түседі.
Несие тарихына мониторинг қызметінен шыққан жағдайда жүзеге асырылған төлем қайтарылмайды.
Қызмет көрсетудің нәтижесі – өтінім мәртебесінің өзгеруі.
Қызмет туралы толығырақ ақпаратты кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.