ҚР Жоғарғы соты Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов облыстың сот жүйесі қызметкерлеріне жаңа басшы – Мұратғали Әкетайды таныстырды.
Шығыс Қазақстан облысының тумасы Мұратғали Абрарұлы 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заң мамандығы бойынша тамамдап, еңбек жолын Алматы қаласы Әділет басқармасының бас маманы қызметінен бастаған. 1998-2001 жылдар аралығында сол басқармада басшының орынбасары болып еңбек етеді. Кейін Шығыс Қазақстан облысындағы әр деңгейдегі соттардың төрағасы болады. Ал 2009-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, 2012 жылдан осы күнге дейін ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметтрін атқарған.
Жоғарғы соттың өкілі Ақылтай Қасымов тағайындалған төрағаны құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі. Ал бұрынғы сот төрағасы Нұрғазы Әбдіқановқа өңірдің сот саласына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Нұрғазы Әбенұлы Ақмола облысы сотының төрағасы болып тағайындалды.
СҚО сотының баспасөз қызметі.