«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЛАР БАРДА ӨШПЕЙДІ ЖАРЫҒЫМЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жұма күні энергетиктер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Әрі бұл күні “Солтүстік Қазақстан тарату электр желісі компаниясы” АҚ-ның 50 жылдық мерейтойында болып, оларды облыс әкімінің атынан оның бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтады.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

– Энергетика – ел экономикасының басты салаларының бірі. Еліміздегі өнеркәсіптің дамуына, өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуіне Сіздердің қосып жүрген үлестеріңіз зор. Сіздердің жүйелі жұмыстарыңыздың арқасында әр шаңыраққа қауіпсіз жарық пен жылу беру жүзеге асып отыр, – деген Айдарбек Сейпілұлы бірқатар энергетиктерді облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттап, “ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі” және “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі” құрметті атақтарын табыс етті. Атап айтқанда, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ басқарма төрағасы Еділ Көпенов пен “Апаттық қызмет” серіктестігінің директоры Юрий Бацанов – “ҚР еңбек сіңірген энергетигі”, Анатолий Загаевский мен Александр Липовой “ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі” төсбелгілерімен марапатталды.

“Солтүстік Қазақстан тарату электр желісі компаниясы” АҚ құрылғанына 50 жыл толып отыр. 1963 жылдан бері халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан ірі компания өңіріміздің 8 ауданы мен облыс орталығын жарықпен қамтамасыз етуде. Электр желілерінің жалпы ұзындығы 13 мың километрден астам. Осындай ауқымды жұмысты ойдағыдай атқару үшін күні-түні еңбек ететін аталмыш мамандық иелері – энергетиктерді төл мерекелерімен және мерейтойларымен “Орталық Азия электр энергетикасы корпорациясы” АҚ-ның президенті Еркін Әмірханов та құттықтады. Әріптестеріне жылы лебізін жолдаған ол солтүстікқазақстандық энергетиктердің бір тобына ТМД Энергетиктер кеңесінің Құрмет грамотасын мен бағалы сыйлықтарын табыс етті. Ал “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ басқарма төрағасы Еділ Көпенов компаниядағы өндірістік-техникалық бөліммнің жетекші инженері Анатолий Загаевскийге “Нива Шевроле” автокөлігінің кілтін табыс етті.

– Қарапайым жұмысшының 44 жылғы еңбек өтілін жоғары бағалағаны үшін басшылыққа айтар алғысым шексіз. Күш-қуатым жеткенше компанияның өркендеуіне үлесімді қоса беруге уәде берем, – деді Анатолий Загаевский.

Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Суреттерді түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp