«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛДЫҚ КОНЬКИШІ ДМИТРИЙ БАБЕНКО Сочи Олимпиадасына лицензияны жеңіп алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облысымыздың беткеұстар конькишілері еліміздің намысын дүбірлі халықаралық додаларда ойдағыдай қорғап келеді. Солардың бірі – ең көп қашықтықтарда жарысуға машықтанған Дмитрий Бабенко. Бұл коньки спортында “Классикалық қашықтықтарға” 500, 1500, 3000, 5000 және 10000 метрдегі жарыстар жатады. Демек, жерлесіміз осылардың бәрінде де сынға түсіп жүр.

Соңғы жылдары “Масс-старт” деп аталатын жаңа қашықтық қосылды. Бұл – 14000 метрге жарысу деген сөз. Конькиші осы қашықтықты сырғанап өтуі үшін 35 айналымды бағындыруға тиіс. Бұл орайда жерлесіміз 2011 жылғы қысқы Азия ойындарында алдына кореялық Сунь Хунь Лиді ғана түсіріп, күміс алқаны алақанға салған еді.

2014 жылғы 7-23 ақпан күндері Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін бүгіндері өте тартысты бәсекелер өтуде. Әсіресе, Әлем кубогы жолындағы жарыстар Олимпиадаға лицензия алу үшін ұйымдастырылады. Д. Бабенко өзінің жеке жоспары бойынша дайындалып, қазірдің өзінде лицензияға қол жеткізді. Ол Астанадағы “Алау” мұз айдынында өткен Әлем кубогының кезекті кезеңінде көптеген атақты қарсыластарымен айтарлықтай бәсекеге түскенді. Берлиндегі кезеңінде 5000 метр қашықтықта ол бірінші орын алды. Оның көрсеткіші – 6 минут, 21.15 секунд.  

Осы жеңісінің арқасында жерлесіміз өзінің жалпы есебіне 32 ұпай қосқан еді.

Қазіргі күні Қазақстаннан Сочи Олимпиадасына қатысудан кем дегенде он алты конькишіміз үмітті. Ең көбі Петропавл мен Астанадан: бес-бестен үміткер бар. Қостанайдан – үшеу, Алматыдан – екеу және Қарағандыдан – біреу.

Д. Бабенконың жасы жиырма сегізде. Ол 2006 және 2010 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғады. 2006 жылғы Азия чемпионы. 2007 және 2011 жылғы қысқы Азия ойындарында күміс жүлде еншіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp