«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ТӘТТІ КӘСІПОРЫНДАРДА” ТАМСАНДЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Илья БЕЛОВ,

жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов бастаған біздің мектеп-интернаттың балалары “Сұлтан кондитерлік өнімдері” мен “Молпродукт” кәсіпорындарына экскурсия жасады. Бұл шарадан біз көңілімізді көтеріп, тәтті тағамдардан ауыз тиіп, ең бастысы – әрқайсымыз болашағымыз туралы ойланып қайттық.  

“Сұлтан” кәсіпорнында технолог апай бізге печенье мен вафлиді қалай жасайтынын көрсетті. Оның өнімдері Қазақстанда ғана емес, шетел нарығына да шығарылады екен. “Молпродукт” өнімдері де бізге таңсық емес. Біз оларды күнделікті ішіп жүрміз. Бірақ жаңа ғана дайындалған тәтті айранның дәмі тіпті керемет! Біз аталмыш кәсіпорындарда еңбек етіп жатқан адамдармен танысып, олардың техника тілін оңай тауып алғандарын байқап, өзімізге сабақ алдық. Бізді “тәтті кәсіпорындарға” апарған және шақырған ағаларымыз бен апаларымызға рахметімізді айтқымыз келеді. Әрине, осындай кездесулерден кейін кім болмасын болашақта қоғамға пайдалы болуға тырысады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp