«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлен ДҮЙСЕНОВ,

“Сұңқар” шаруа қожалығының басшысы.

Менің аз жер теліміммен өз кәсіпкерлігімді жасап, табыс тауып отырғаныма биыл төртінші жыл. Азды-көпті картоп және дәнді дақылдар сеуіп, өз несібемді көріп отырмын. Жалпы бірінші жылы қаржылай қиындық көргенім болмаса, одан кейін “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ның өңірлік филиалымен байланыс орнатқаннан бері әр қиындықтың шешімді тетігі бар екенін ұқтым. Олардан үш жыл қатарынан несие алып, шаруашылығымның еңсесін көтеріп алдым.

Былтыр “Егінжай” бағдарламасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарына берген 3 миллион теңге қаржыға өзіме керекті жабдықтарды сатып алған едім. Сол екі жылға берілген қарызды осы бір-екі айдың ішінде жауып, қайтадан жаңа несие құжаттамақпын. Жалпы ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерін қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар өте қолайлы. Пайыздық мөлшерлемесі де, несиені қайтару мерзімі де біздердің мүмкіншілігімізге қарай жасалғандықтан, табысты болған кезде қаржы институтымен еш қиындықсыз есеп айырыса аламыз. Өңіріміздегі филиалда қызмет көрсететін мамандардың жұмысы да көңілден шығады. Қажетті құжаттарды жинап, аз уақыттың ішінде қаржыны қолымызға тигізіп, ақшаны мақсатты шарамызға жұмсадық. Сондықтан ауыл шаруашылық кәсіпкерлерінің атынан қолдау көрсетіп отырған мемлекетімізге, біздің мақсатты ісімізді жүзеге асыру жолында қолқабыс жасап отырған мамандарға ризашылығымды білдіргім келеді.

Мамлют ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp