«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗ ІСТЕРІН АШҚЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР ОҚЫТЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлмира ЗЕЙНУЛЛИНА,

“Даму” қоры облыстық филиалының менеджері.

Қараша айының соңғы аптасында “Даму” қоры облыстық филиалы Уәлиханов және Есіл аудандарының кәсіпкерлік бөлімдерімен бірлесіп, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін “Бизнес-Кеңесші” бағдарламасы бойынша екікүндік тренингтер өткізді.

Бұл жолы “Кәсіпкерліктің экспресс-курсы” тыңдаушылары негізінен аталмыш аудандардың шеткері ауылдық округтерінің тұрғындары болып табылды, оның өзі алыстағы ауылдағылардың бизнес-оқуға қызығушылық танытып отырғанын байқатады.

Барлығы 51 тыңдаушы оқудан өтті. Бизнес-тренингтер кезінде болашақ ауыл кәсіпкерлері – жастар арасындағы жоғары белсенділік пен қызығушылық айтуға тұрарлықтай.

Солардың ішінде Есіл ауданының ықтимал кәсіпкері Владимир Адамов та бар. Ол өзінің туған ауылы Тонкошуровкада жергілікті жастар үшін демалыс орталығын ашуды армандайды, өйткені бүгінде ол ауылдың жеткіншек жастарына өте қажет болып тұр. Владимирдің айтуынша, “Бизнес-Кеңесші” тренингінде ол өз ісін ашу үшін өте көп қажетті және пайдалы ақпарат, сондай-ақ қосымша түсінік беретін материалдар алды.

“Кәсіпкерліктің экспресс-курсынан” өткен тыңдаушылардың көпшілігі мұндай оқытудың ауыл тұрғындарының өз бизнесімен айналысуды бастауына ықпал ететінін айтады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp