Ерте, ерте, ертеде “Жаңа жыл” деген сөзді ешкім естіп білмеген екен. Естімепті де, жылды санамапты да, жылдың келіп кеткенін тойламапты да. Жаңа жыл мерекесін тойлау қалай басталады? Жер бетінде көп елдер бар. Сол елдерде әртүрлі халықтар мекендейді. Олар өз елінің табиғаты көркем болуы үшін ағаштар өсіреді. Көптеген ағаштардың ішінде қарағай, шырша ағаштарын да егіп өсіреді. Бұл ағаштар өзге ағаштарға қарағанда ерекше болып өседі. Олар еш уақытта жапырағын тастап жалаңаштанбайды және түсін де өзгертпейді. Ормандағы бір шырша осыны байқап, қатты қуанады. Басқа шыршалармен әңгімелесіп, оларға біз өзіміздің осы сұлулығымыз үшін адамға алғыс білдірейік дейді. Қалай істесек екен деп ұзақ ойланады. Сөзді тағы да жаңағы байқағыш шырша жалғастырады.
Біз үлкендерді де, балаларды да қуанту үшін мереке жасайық. Ол үшін қыс мезгілі болғанда Аяз атаға барайық. Оның сиқырлы таяғы бар. Аяз атамен келісіп, оны өзіміз бен бірге жақындатса, біздің бойымызға әртүрлі шамдар қонып, жарқырап шыға келеміз. Біз бұрынғыдан да сұлу боламыз. Орманнан тиін, қоян, түлкіні ертіп, қардан аққала қар жасайық. Осылайша адамдарға барып, қыстың бірінші айының соңғы күнінде жылды аяқтауды, келесі жылды қарсы алуды үйретейік. Олар кең дастарқан жайып, ән салып, би билесін. Сендер балалармен, үлкендермен бірге мені айналып, көңіл көтеріңдер. Мен шамдарымды жарқырата түсейін. Міне, осылайша біз адамдарға өзіміздің алғысымызды білдіреміз.
Осылайша ақылды шырша жыл сайын келіп адамдарды қуантып, мереке жасап тұрады екен.