Қайырлы ЕДІРЕСОВ,
облыстық мәсли-хаттың хатшысы.
“Нұр Отан” партиясының XV съезінде ұзақмерзімдік саяси көшбасшылыққа бағытталған және біздің халқымыздың бірлігінің, оның тұрақтылығын нығайтудың мықты кепілі болып табылатын жаңа Саяси доктрина қабылданды. Жаңа бағдарламалық құжаттың ерекшелігі біздің негізгі құндылықтарымызды анықтап беруінде, олар: Адам, Бостандық, Бірлік, Әділдік, Заңның басымдылығы, отбасы мен дәстүрлер, болашаққа ұмтылу.
Адамдар мүддесіне, олардың қамы мен қажеттіліктеріне қызмет ету, азаматтармен үзбей диалог жүргізу – партияның халықты қолдауының басты сарқылмас көзі. Сондықтан депутаттық жұмыстың басты міндеттерінің бірі нақты адамға нақты көмек көрсету деп білеміз. Бұл жерде депутат жұмысының азаматтарды өздерінің сайлау учаскелерінде қабылдау және кездесу сияқты түрі оң нәтиже беруде. Облыстық мәслихаттың депутаттары мыңнан астам азаматты қабылдады, оған қоса “Нұр Отан” партиясының қоғамдық қабылдауында қабылдау жүргізеді, ол да азаматтардың мүддесіне мүмкіндік береді.
Бесінші шақырылымның басынан бастап 22 сессия өткізіліп, онда 167 мәселе қаралды, олар: бағдарламалардың орындалуы: Солтүстік Қазақстан облысының аумағын дамыту, индустриялық-инновациялық даму, заң бұзушылықтың алдын алу, кәсіптік білім мен кадрларды кәсіптік даярлау жағдайы, “ҚР Тілдер туралы” Заңның орындалуы.
Депутаттық сұрау, бағдарлама әкімшілерін тыңдау, жергілікті бюджетті нақтылау тәжірибелерін пайдалана отырып, біздің өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын әрі қарай дамытуға мүмкіншілігіміз бар.
Депутаттар жұмысындағы негізгі мәселелердің бірі – әлеуметтік серіктестік, бұл бағытта депутаттар – “Фирма Леонтьев” ЖШС бас директоры С.Г.Леонтьевтің, “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ бас директоры Қ. Е. Бишімовтің, “Основание” ЖШС директоры С.П.Тимофеевтің жұмыстарын ерекше атап өткім келеді.
Депутаттық корпус құрамында беделді адамдар аз емес, олар белсенді қоғамды жұмысты депутаттық қызметпен қоса атқарып жүр.
Төрайымы депутат Бақытжан Сәмиева болып табылатын іскер әйелдер қауымдастығының нәтижелі жұмысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жиі жазылады, ол облыстан тысқары да танымал.
Елена Коноплева негізгі жұмысындағы істері қауырт бола тұра, әйелдер істері мен отбасы-демографиялық саясат жөніндегі, заң бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссиялардың жұмыстарына белсене араласады. Райхан Әбдірахманова “Нұр Отан” партиясының жуырда өткен XV съезінде республикалық тексеру комиссиясының құрамына сайланды.
Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады, себебі олардың әрқайсысы консультациялық-кеңестік органдардың мүшесі болып табылады.
Ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары ретінде халық қалаулылары өңірдегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруға қатысады.
Депутаттар – “Салахадин” ЖШС директоры Б.С.Амоев, “Зенченко және компания” КС директоры Г.Г.Зенченко, “Раисовское” ЖШС директоры В.М.Коваленко, “Үлгі жер” ЖШС директоры Б.А.Уәлиев, “Фирма Бабық Бұрлық” ЖШС директоры С.Ғ. Махметов, “Ноғайбай” ЖШС директоры А.С.Сапаров, “Прометей Агро” ЖШС директоры Ю.И.Шоль облыс тұрғындарын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге қолдарынан келгенше үлес қосуда.
Бүгінгі күні мәслихат депутаты Гюлага Илдырымов басқарып отырған “Новруз” ЖШС өнімдері толығымен біздің өңірде сатылады, халықты жыл бойы жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз етіп отырады.
Алдымызда көптеген жұмыстар тұр, назарда ұстайтын басты міндет – ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен Үкіметтің бағдарламалық құжаттарынан шығатын міндеттерді орындау. Ол – бізге әлі де болса бастамашылдықты өрістетіп, депутаттық фракция жұмысын жандандыра түсу, тұрақты комиссиялар мен депутаттық корпус жұмысын жетілдіру, халықпен байланысты нығайту, сайлаушылармен үнемі жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәселелерді шұғыл да тиімді шешу.