«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЗВОННИЦА” КОНЦЕРТ БЕРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Зенченко және К” коммандиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченконың шақыруымен қалалық Мәдениет үйінің “Звонница” хоры Новоникольское ауылында өнер көрсетті.

Анна КУЧЕРЕНКО,  

еңбек ардагері.

Хор көрермендерге “Всколыххнулся, взволновался Тихий Дон” атты жаңа ән ұсынды. Өнер ұжымының баяншысы Сергей Снурнициннің шығарған “Цвети и пой, моя земля!” әнін тамылжыта орындаған хор әншілері бұл кеште сондай-ақ казак, орыс, украин әндерінен де шашу шашты. “Ой, на небе ни облачка” әнін Людмила Морозова мен Нина Котова айтса, “Месяц на небе”, “Любо, братцы, любо” әндерін Антон Гуторов орындады.

Облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың түлегі, кәсіби әнші Димаш Жақыпов та бұл күні көрермендерге қазақ және орыс тілдерінде ән сыйлады.  

Хормен бірге сахнада Новоникольское ауылының балалар би ансамблі өнер көрсетті.

“Звонница” хоры сонымен қатар “Солнечный” емдеу-сауықтыру орны мен 164/3 түзеу мекемесінде ән шырқады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp