Облыста еркін күрестен КСРО спорт шебері Мәлік Мүрсәлімовті еске алуға арналған VIII қалааралық турнир аяқталды. Бәсекелі жарысқа еліміздің бірқатар қалалары мен Қырғызстан Республикасынан қатысқан 14-15 жастағы 160-тан астам спортшы 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.
Екі күнге созылған спорттық шара бары-сында жас балуандар 4 белдесуден өткізді. Қазылардың шешімімен ұлдар арасында Бексұлтан Әбдінасырұлы (35 кг., Қырғызстан), Бақдәулет Алтынбек (38 кг., Қарағанды қ.), Нұр-гелді Әнуар (42 кг., Степногорск қ.), Ұран Бағ-дәулетұлы (46 кг., Қырғызстан), Бауыржан Зи-нулиев (50 кг., спорт интернаты), Еркебұлан Бо-ранғалиев (54 кг., спорт интернаты), Әділхан Әмірхан (58 кг., спорт интернаты), Магомед Шойпов (63 кг., Қарағанды қ.), Данияр Қабдыл-мәжитов (69 кг., спорт интернаты), Мейір Көш-кінбаев (76 кг., Степногорск қ.), Асхат Сыздықов (85 кг., М.Жұмабаев ауд.), Нұрлан Дәрілбаев (+100 кг., Ақтөбе қ.) жеңімпаз атанды.
Ал Ұлбике Қасынбекова (35 кг., Қызылжар ауд.), Наталья Тихевич (38 кг., Қостанай қ.), Жан-сая Сайдуллаева (43 кг., Қызылжар ауд.), Татья-на Гердт (46 кг., Степногорск қ.), Дарья Игнатьева (49 кг., Степногорск қ.), Екатерина Фирстова (52 кг., спорт интернаты), Альбина Кайыргел-динова (56 кг., Степногорск қ.), Айша Уәлишан (60 кг., спорт интернаты) қыздар арасында үздік болды.
Дода жеңімпаздары медальдармен, грамо-талармен және арнайы кубокпен марапатталды.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.