«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘР БЕЙСЕНБІДЕ – “МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ” САҒАТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлнар ҚАРБАЕВА,

Тайынша аудандық мәслихаттың бас маманы.

Тайынша аудандық мәслихаты тіл саясатына байланысты жаңашылдықтардан сырт қалмайды. Аппаратта мемлекеттік тілмен қатар, орыс тілі де қолданылады. Мәслихат аппаратының қызметкерлері мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бағдарлама аясында ашылған қазақ тілі курстарына қатысады, жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді үйренуінің үшдеңгейлі бағдарламасы бойынша тест тапсырады.

Мәслихатта мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мақсатында әр бейсенбі “Мемлекеттік тіл” сағаты жарияланған, бір жылға іс-шаралар жоспары әзірленген, оны мәслихат хатшысы бекіткен.

Барлық шығыс құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер, мәслихат сессияларының, комиссияларының хаттамалары мемлекеттік тілде әзірленіп, орыс тіліне аударылады. Тұрақты комиссиялар отырыстары, мәслихат хатшысының және депутаттардың азаматтарды қабылдауы екі тілде жүргізіледі, азаматтардың шағым-арыздарына жауап мемлекеттік тілде және өздері тілдескен тілде беріледі. Мәслихат сайты және онда орналастырылған тиісті ақпараттар мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделген. Аппарат қызметкерлері мемлекеттік тілді өз жұмыстарына және тілдесуіне қажетті деңгейде игерген. Осыған қарамастан, қол жеткізген деңгейде тоқтап қалмай қазақ тілін үйрену аясын одан әрі жетілдіруді жалғастыруда. Аппараттағы бір маман поляк тілін жетік меңгерген, екінші бір маман мамандығы бойынша – ағылшын тілінің мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp